+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тбилисиде көлікке газ құю стансысында жарылыс болды

2020 жылғы 2 маусым 09:05
Бөлісіңіз:
Тбилисиде көлікке газ құю стансысында жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тбилиси қаласының Элгуджи Амашукели көшесінде, Нуцубидзе үстіртінде, көлікке газ құю стансысында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сайтына сілтемемен.

Ұқсас жаңалықтар
Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты Қытайда су тасқыны салдарынан 12 адам мерт болды АҚШ-тың Калифорния штатындағы атыс кезінде екі адам мерт болды

Грузия ІІМ Төтенше жағдайлар басқармасы қызметінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір адам дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жүрген Тбилиси қаласы ТЖ қызметі басқармасының басшысы Отар Кереселидзе тілшілерге зардап шеккен ер адамның орта дәрежедегі дене жарақаттарын алғанын хабарлады.

Жарылыс толқыны көлікке газ құю стансысының жанында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шыныларын сындырған. Сондай-ақ, оқиға орнында өрт шығып, оны сөндіруге алты өрт сөндіру-құтқару тобы жұмылдырылған. Оқиғаның себебі анықталған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT