Тбилиси Гран-приіне қазақстандық 21 дзюдошы қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 30 наурыз күні Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан кезекті әлемдік Гран-при кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірге дейін жалғасатын додада  Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары да бақ сынамақ.

ҚР Дзюдо федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жарысқа Қазақстаннан жалпы 21 татами шебері қатысады. Оның 12-сі ер болса, 9-ы әйел балуан.

Олар:

Рустам Ибраев (60 кг)

Бауыржан Жауынтаев (60 кг)

Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг)

Қайрат Ағыбаев (66 кг)

Азамат Мұқанов (73 кг)

Азиз Қалқаманұлы (81 кг)

Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)

Сұңғат Закарияев (-90 кг)

Жасұлан Мұхаметханов (-100 кг)

Әділхан Қозыбаев (-100 кг)

Дәурен Нұралинов (+100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Салтанат Сұлтанбекова (48 кг)

Айдана Бугілбаева (48 кг)

Жадыра Әміртаева (52 кг)

Ақниет Тұрдан (63 кг)

Динара Құдарова (-70 кг)

Ажар Салықова (-70 кг)

Назгүл Маратова (-78 кг)

Саида Капсалықова (+78 кг)

Зарина Абдурасулова (+78 кг)

Соңғы жаңалықтар