Тәжікстанда жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 11 шілде күні Алматы уақытымен 07 сағат 34 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 714 шақырым қашықтықта, Тәжікстан Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,88, магнитудасы – 4,2.

Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар