+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған топтың ДАИШ террористері екені анықталды

2019 жылғы 6 қараша 16:27
Бөлісіңіз:
Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған топтың ДАИШ террористері екені анықталды

ДУШАНБЕ. Ховар–ҚазАқпарат – Тәжікстанда «Ишкабад» №4 шекара заставасына шабуылдаған қарулы топтың ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестері екені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбритания біліктілігі төмен иммигранттарға жұмыс визасын бермейтін болды Жапонияда Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы коронавирустан көз жұмды Германиядағы атыстан 8 адам мерт болып, 5 адам жарақаттанды

Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәлімдеуінше, ұсталғандарды тергеу кезінде «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасағандардың барлығы «ДАИШ» террористік тобының арнаулы тапсырмасымен мемлекет шекарасын 2019 жылғы 3 қараша күні түнде заңсыз бұзып кіргені анықталған. Агенттіктің хабарлауынша, лаңкестердің барлығы — ДАИШ мүшелері.

Олар өздеріне «Ишкабад» шекара заставасын қолайлы санап, соған қарулы шабуыл жасаған.

Қазір жедел тергеу тобы тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ Тәжікстанның «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасағанын хабарлаған едік.

Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT