Тәжікстанда парламент депутаттарын сайлау аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда парламент депутаттарын сайлау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де республикадағы барлық сайлау учаскелері жабылып, сайлаушылардың дауыстарын санау басталды, деп хабарлайды «Азия-Плюс».

Тәжікстан Республикасының сайлау және референдумдар бойынша Орталық комиссия аппаратының басшысы Абдуманнон Додозода сайлауға қатысудың соңғы қорытындылары бүгін брифинг кезінде жарияланатынын хабарлады. Сондай-ақ ертең дауыс берудің алдын ала қорытындылары шығарылады. ОСК-ның мәліметтерінше, бүгінгі сайлау демократиялық арнада, ашық және бұзушылықтарсыз өтті.

Депутаттық мандатқа барлығы 285 кандидат таласуда (103-і партиялар атынан және 182-сі - бірмандатты округтер атынан), соның ішінде өз-өзін ұсынған 80-ге жуық кандидат және 30 әйел кандидат бар.

Сайлауға барлық сегіз тіркелген саяси партия қатысуда. Олардың қатарында Халықтық-Демократиялық Компартия, Ислам жаңару партиясы, Социал-деократиялық партиясы, Аграрлық, Социалистік, Демократиялық партия және Экономикалық реформалар партиясы бар.

Соңғы жаңалықтар