Тәжікстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін Душанбе клиникаларында коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастауға арналған ресми шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстанда 22 наурыздан бастап халықтың қатер санатындағылар арасында COVID-19 инфекциялық ауруына қарсы иммундау кезең-кезеңмен басталған.

Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне белгілі бір кезең ішінде республика тұрғындарын коронавирусқа қарсы иммундау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу әрі бекіту тапсырылған. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы препараттарды елдің барлық медицина мекемелеріне дер уақытында жеткізу жүктеліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы Тәжікстанға 8 наурызда жеткізілген болатын. Жалпы, елде 5,8 млн адам екпе алады.


Соңғы жаңалықтар