Тәжікстанда көліктің өзенге құлауы салдарынан 9 жолаушы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда жеңіл көліктің өзенге құлауы салдарынан 9 жолаушысы, сонымен бірге жүргізушісі қаза тапты.

Автомобильдің шамадан тыс тиелгені белгілі болды. Жүргізушісі оны басқара алмай, ішінде жолаушылар отырған жеңіл көлік тау жолынан 12 метр биіктіктен Пяндж өзеніне құлаған.

Апат кезінде көліктің ішінде әйелдер мен балалар болғаны анықталған, қаза тапқандардың арасында төрт әйел мен төрт бала бар.

Көлік апаты жексенбі күні кешке орын алған, оны 34 жастағы жүргізуші басқарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар