+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Тәжікстанда KazakhExport өкілдігінің кеңсесі ашылды

2019 жылғы 20 мамыр 19:50
Бөлісіңіз:
Тәжікстанда KazakhExport өкілдігінің кеңсесі ашылды

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдігінің кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжікстандағы «KazakhExport» өкілдігі кеңсесінің міндеті - бизнес қоғмдастықтармен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржылық құрылымдарға «KazakhExport» құралдары туралы ақпарат беру. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан кәсіпкерлері арасындағы жұмысты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді және соған орай тауар айналымы артады», - деді кеңсенің ашылуында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Руслан Ысқақов.

Тәжікстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзода Тәжікстан мен Қазақстан Үкіметтерінің екі елдің арасындағы тауар айналымын арттыру тапсырмасы бар екендігін айта келе, Душанбеде «KazakhExport» кеңсесінің ашылуы маңызды оқиға болып саналатындығын атап өтті.

«Тәжікстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы оған жәрдем беріп, қолдау көрсетуге ниетті», - деді ол.

Тәжістандағы «KazakhExport» компаниясының шетелдік өкілдігі кеңсесін таныстыру барысында тәжік банктерінің қазақстандық экспорттаушыларды қолдауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, «KazakhExport» кеңсесі Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілерді сақтандыру мен қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді «Ориенбанк» АҚ, «Эсхат банкі» ЖАҚ және «Тәжікстанның халықаралық банкі» ЖАҚ-пен рәсімдеді.

Айта кетейік, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ 2019 жылдың соңына дейін Ресей Федерациясының Мәскеу, Новосібір, Екатеринбург, Қытай Халық Республикасының Сиань, Бейжің қалаларында, сонымен қатар Қырғыз және Беларусь Республикаларында жалпы 6 шетелдік өкілдік кеңсесін ашуды жоспарлап отыр.

Авторы: Құрмат Самархан

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT