Тәжікстанда дабыл жарияланып, 230 мың адамның жауынгерлік дайындығы тексерілді

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР–ҚазАқпарат – Бүгін Тәжікстан Республикасы Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Тәжікстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, армия генералы Эмомали Рахмонның бұйрығымен Тәжікстан тәуелсіз мемлекетінің тарихында тұңғыш рет республика бойынша Қарулы күштердің, құқық қорғау органдарының және жұмылдыру резервтерінің жеке құрамының «Марз-2021» (Шекара-2021) атты жауынгерлік әзірлігін тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының 100 мың әскери қызметшісі, сондай-ақ 130 мың жұмылдыру резервінің офицерлері мен сарбаздары, жалпы 230 мың адам операцияның белгіленген аудандарында дабыл бойынша жиналып, өздерінің жауынгерлік дайындығын тексерді.

Ховар хабарлағандай, 20 мың жұмылдыру резервінің офицерлері мен сарбаздары шекара әскерлерінің бөлімшелерін толықтыру үшін Тәжікстанның Ауғанстан Ислам Республикасымен шекаралас аудандарына қосымша жіберілді.

Тәжікстан Республикасы Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Тәжікстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, армия генералы Эмомали Рахмон «Марз-2021» жауынгерлік әзірлігін тексеруді аяқтаған Қарулы Күштердің, құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен жұмылдыру резервінің офицерлері мен сарбаздарының әскери парадына қатысушыларға сөз сөйлеп, іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтты.

Бұған дейін Тәжікстанда Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін резервтен 20 мың әскери қызметші қосымша жұмылдырылады деп хабарланған болатын. Ховардың хабарлауынша, 4-нен 5 шілдеге қараған түні «Талибан» қозғалысының содырлары Тәжікстан Республикасымен ұзындығы 910 шақырым болатын Бадахшан Ира провинциясының Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Сұлтан Ишкашим уездерін толық бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар