Тәжікстанда барлық жерде шылым шегуге тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда қоғамдық орындарда темекі тартуға бөлінетін арнайы орындар жабылады. Темекіне бір талдан сатуға да тыйым салынады, деп хабарлайды news.tj .

Тәжік үкімет «Темекі өнімдерін шектеу туралы» заң жобасын әзірлеуде. 2010 жылы шыққан заңмен салыстырғанда шылым шегуге қатысты нормалар күшейтіледі.

Жаңа заң бойынша әкімшілік ғимараттарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес жұмыс кабинеттерінде, тұрғын үйлердің кіреберісінде, лифтіде, әуежайда, қоғамдық көліктерде темекті тартуға толық тыйым салынады.

Айта кетерлігі, қазір осы мақсаттарға арнайы қарастырылған орындарда шылым шегуге рұқсат берілген. Сонымен қатар жаңа құжат бойынша елдегі денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және діни ұйымдарға жүз метрден жақын жерде темекі өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Сондай-ақ темекі өнімдерін бір талдап сатуға да болмайды. Тәжікстанда темекі өнімдерін басқа да тауарлар мен қызметтерге айырбастауға, тұрғындарға тегін таратуға тыйым салынбақ. 

Соңғы жаңалықтар