Тәжікстанда әлемдегі ең биік таулы гидростансалардың бірі іске қосылды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Таулы Бадахшан автономиялық облысының қалалары мен аудандарына жұмыс сапары барысында Мургаб ауданында Тәжікстан кіші гидроэлектр стансасын іске қосты, деп хабарлайды «Ховар» ХАА.

Қуаттылығы 1500 кВт ГЭС шалғайдағы Мургаб ауданының халқын, ведомстволары мен ұйымдарын электр қуатымен толықтай қамтамасыз ететін болады. Елді мекеннің тұрғындары осы күнге дейін электр қуатымен байланысты қиындықтар көріп келген. ГЭС пайдалануға берілгеннен бастап ұзақ жылдар бойғы осы түйткілді мәселе шешімін тапты.

null Бөгеттің биіктігі - 64 метр, ал ұзындығы - 12. Бұл балықтардың өтуіне арналған республикадағы жалғыз арнайы құрылыс. Бөгет ағынмен 2 миллион шаршы метр судың жиналуына ықпал етеді. Бұл стансаның қызметі мен экологиялық қорғау үшін өте тиімді.

Биік таулы аймақтың орналасуы жағынан «Тәжікстан» гидроэлектр стансасы Непалдағы орналасқан жерінің биіктігі бойынша қуаттылығы бар-жоғы15 кВт кіші гидроэлектр стансасынан кейін екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар