Тәжікстанда әлемдегі ең биік ГЭС бөгетінің құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Тәжікстанда әлемдегі ең биік бөгеттің құрылысы басталды.

Вахш өзенінде орналасқан Рогунская ГЭС бөгетінің биіктігі 335 метрді құрамақ. Өзен арнасын бұғау және дамбының құрылысы бойынша алғашқы жұмыстарды ел президенті Эмомали Рахмон, үкімет және парламентарий мүшелері бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рогунская гидроэлектрстансысы  Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай  110 шақырым жерде орналасқан. Жобаның қуаты - 3600 МВт.

Бөгеттің құрылысы аяқталған соң, онда толық көлемі 13,3 текше  шақырымды құрайтын Рогунская су қоймасы орналасатын болады, деп хабарлайды «Интерфакс».

Кестеге сәйкес, Рогунская ГЭС-тің бірінші агрегаты 2018 жылдың соңында, ал екіншісі 2019 жылдың сәуірінде іске қосылады.  Құрылыс  2,2 млрд. долларға бағаланды, оның бірінші кезегіне 590 млн. доллар жұмсалмақ.

Айта кетейік, ГЭС-тің құрылысына дайындық жұмыстары 1976 жылы басталған болатын.

Бүгінгі күні әлемдегі ең биік плотина Қытайдың Сычаунь провинциясында Ялонг өзенінде орналасқан Цзиньпин-1 гидроэлектрстансысы болып табылады. 2014 жылы салынған бөгеттің биіктігі - 305 метр. 

Соңғы жаңалықтар