Тәжікстанда 5.1 магнитудалы жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 15 қыркүйек күні 09 сағат 47 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 781  шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.8. MPV тербелісі  - 5.1. Эпицентрінің координаттары 37.35° с.е. 71.81° ш.б. Тереңдігі - 90 шақырым. Жер дүмпуі сезілмеді», - деп мәлім етті СТӘЭ.

Соңғы жаңалықтар