Тәжікстанда 2 мыңнан астам қазақ тұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстанда екі мыңнан астам қазақ тұрады. Бұл туралы Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің консулы Асылхан Бекбосынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Душанбеде 500 қазақ тұрады. Жалпы Тәжікстандағы жерлестеріміздің саны 2 200 адам», - деді ол.

Осы орайда Асылхан Бекбосынов Тәжікстандағы қазақтардың негізінен қандай кәсіппен айналысатындығын айтып берді.

«Кейбірінің шағын бизнестері бар, мәселен фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейді, университетте оқытушылар да бар. Айталық, Худжан мемлекеттік университетінде оқытушы қазақтар өте көп», - деді ол. null null null

Соңғы жаңалықтар