Тәжікстан түрмесіндегі оқиға: 14 адам нанға уланып ажал құшты

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Ховар - Тәжікстандағы түрмеге жабылған 14 адам наннан уланып қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Ховар» ТҰАА-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, 7 шілде күні ТР Әділет министрлігінің Қылмыстық жазаларды орындау бас басқармасы бекіткен жоспар бойынша, сотталған 128 адам (120 ер адам және 8 әйел) жазасын өтеу үшін Соғды облысының Ходжанд және Истаравшан қалаларындағы 3/3, 3/5 және 9/2 түзету мекемелерінен арнаулы үш автомобильмен Душанбе, Нүрек қалалары және Яван аудандарына жеткізілуі тиіс болған.

Конвой тобы бақылаған автомобильдер Ходжандтан 12:45-те шығып, 18:20-да Душанбеге жеткен. Белгіленген нормативке сәйкес, автомобильдер жолда қажеттілікке орай 6 рет тоқтаған. Варзоб ауданының Майхура елді мекенінде тұтқындардың бірі әдеттегідей 16 тұтқынға 3 бөлке нан берген. Оны жегендердің жарты сағаттан кейін басы айналып, жүрегі айнып, құсқан.

Автомашина тергеу мекемесіне жеткен тұста, яғни 18:20-да нан жегендердің жағдайы күрт нашарлап, 16 адам есінен танған.

Жедел жәрдем оқиға орнына жетіп, дәрігерлер тек екі адамның өмірін сақтап қалды. Ал 14 адам ажал құшқан.

Бақа автомобильдердегі 114 тұтқын жазаны өтеу орындарына аман-есен жеткізілген.

Қазір Тәжікстанда осы оқиғаға байланысты арнайы тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптама белгіленген, қылмыстық істің тергеп-тексерілуін ҚР Бас прокуратурасы қадағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар