+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Тәжікстан шекарасында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды

2019 жылғы 6 қараша 10:13
Бөлісіңіз:
Тәжікстан шекарасында қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәжікстанда қарулы топ «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
400 келі уылдырық пен тотықұсты шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдетіледі Шекарашылар тапқан 5 гектар алқаптағы жабайы қарасора жойылды

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәліметінше, 2019 жылы 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасаған.

«Қақтығыс кезінде олар 5 атыс қаруын қолға түсірген (модернизацияланған Калашников мылтығы). Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынды. Атыс кезінде Шекара әскерлерінің 1 әскери қызметкері мен ТР Ішкі істер министрлігінің 1 қызметкері қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тәжікстан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT