Тәжікстан Президентінің сапары: Тараптар көпжақты форматты қолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк Астанадағы кездеу барысында Тәжікстан тарапынан қызықтыратын негізгі мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өңірлік өзара қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. Өйткені Тәуелсіздік жылдарында бұл байланыстар көбінесе екіжақты деңгейде немесе үкіметаралық қатынастар аясында іске асырылған болатын. Соңғы жылдарда өңірлік қатынастарда жақсы қадамдар жасалып жатыр, яғни Өзбекстанның Тәжікстанмен, Қырғызстанмен қарым-қатынастары нығайып келеді. Қаралатын тақырыптар аясында күрделі мәселелерді шешуге екпін қойылып жатыр. Осы орайда су проблемасы, шекаралық реттеу, сауда-экономикалық өзара байланыстар қамтылып, сондай-ақ жалпы инфрақұрылымды жақсартуға назар аударылып келеді», - деді ғылыми қызметкер.

Оның сөзіне қарағанда, Тәжікстан Президенті Э. Рахмонның Астана жасаған сапары көпжақты форматты аңғартады, себебі тәжік тарапы алда өтетін үлкен кездесуге және Қазақстанмен қатынастарды тереңдетуге мүдделі болып отыр.

«Көші-қон мәселелері мен Сыртқы істер министрліктері деңгейінде өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылады деп болжануда», - дейді Анастасия Решетняк.

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстан Тәжікстанның ең маңызды сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы өсімін ескере отырып, тараптар бұл үрдісті ынталандыруға ұмтылып жатыр. Бұл тұрғыда өткен жылдың жазында тауар айналымын өзара арттыру бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өткен болатын.

«Осы арқылы, Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары бір жағынан біздің елімізге қарай достық қадам болса, екінші жағынан Орталық Азияда өзара қарым-қатынастарда көпжақты форматты қолдайтындығын байқатады. Атап айтқанда, соңғы кездері қарым-қатынастардың осындай түріне көп үміт артылып отыр», - деп түйді Анастасия Решетняк.

Фото: matritca.kz

Соңғы жаңалықтар