Тәжікстан мен Түркия парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада Түркия Республикасындағы Тәжікстан Республикасының елшісі Махмадали Раджабиёна Тәжікстан-Түркия Парламентаралық достық тобының төрағасы Мехмет Али Джевхеримен кездесті, деп хабарлайды НИАТ «Ховар»  Тәжікстан СІМ-іне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық жағдайы мен осы бағытта байланысты кеңейту қажеттігі туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар Тәжікстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастық үдерісінде екі елдің парламентаралық достық топтарының маңызды рөлін атап өтіп, Тәжікстан Республикасы мен Түркия Республикасы парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар