Тәжікстан – Қазақстан: Ынтымақтастық пен достықтың негізгі салалары

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан сияқты 1991 жылы тәуелсіздік алған елдердегі серіктестері дайындаған материалдарды жариялайды. Бүгін Тәжікстан Республикасының тәуелсіздік күні «ҚазАқпарат» ХАА үшін арнайы «Ховар» ақпараттық агенттігі дайындаған Тәжікстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдық тарихы ұсынылады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас негіздері туралы шартқа қол қойылды.

Қазақстанда 1993 жылы маусымда Тәжікстанның дипломатиялық өкілдігі ашылды, ал Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Душанбеде 1998 жылғы сәуірде дербес миссия ретінде жұмыс істей бастады және 2001 жылы елшілік мәртебесі берілді.

«Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мен Тәжікстан көпғасырлық тарихи және мәдени дәстүрлері бар достық пен бауырластық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келеді», - деп құттықтады Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы екі елдің дипломатиялық қатынастарының 20 жылдық мерейтойын құттықтау жеделхатында.

«Біз Тәжікстан мен Қазақстан арасында қалыптасқан заманауи байланыстарының жоғары деңгейін бағалаймыз және халықтарымыздың ұмтылыстарын ескере отырып, уақыт талаптарына сәйкес олардың түрлі аспектілерін жаңа мазмұнмен толтыруға мүдделіміз», - деп жауап қатты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон әріптесіне.


Экономикалық ынтымақтастық

2015 жылы Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымы көлемі 752,5 млн доллардан асты. Ал 2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан, бұл көрсеткіш 791,4 миллион долларға жетті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға көп.

Тәжікстаннан жеткізілетін импорттың негізгі бағыттары – электр энергиясы, мақта, алюминий және одан жасалған бұйымдар, кен, күл, жеміс-көкөніс өнімдері және тоқыма материалдары болып отыр.

Қазақстаннан Тәжікстанға – астық және ұн өнімдері, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын майлар, тұз, күкірт, белсенді органикалық заттар және құрылыс материалдары тасымалданады. Мұнай өнімдері, қара металдар, бейорганикалық химия өнімдері де айтарлықтай үлкен көлемде жеткізіледі.

2007-2014 жылдар аралығында Қазақстан Тәжікстан Республикасының экономикасына 522,7 млн доллар инвестиция салған. Оның 105 млн доллары – тікелей инвестиция. 2014 жылы Қазақстан Тәжікстан экономикасына 41,9 млн доллар инвестиция салды. Қазақстандық инвестициялардың қатысуымен Тәжікстан аумағында 84 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 15-і толығымен қазақ инвесторларына тиесілі.

Өз кезегінде Қазақстанда Тәжікстан азаматтарының қатысуымен төрт бірлескен кәсіпорын құрылған.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2007 жылы желтоқсанда Душанбедегі «Халықтар Достығы» саябағында Тәжікстандағы азамат соғысы жылдары тәжік-ауған шекарасында қызметте қаза тапқан 35 қазақстандық жауынгерге монумент ашылды. Монументтің ашылу салтанатына қаза болғандардың жақын туыстары, Қазақстан мен Тәжікстанның жоғары лауазымды және ресми тұлғалары қатысты.

2008 жылы қазанда Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы мәдени күндері өтті, олар Тәжікстан тұрғындарын Қазақстанның мәдениет пен өнер саласындағы жаңа жетістіктерімен жақынырақ таныстырды.

Білім беру және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы байланыстар да айтарлықтай жақын. Жыл сайын Қазақстан астанасында өтетін «Шабыт» халықаралық фестиваліне Тәжікстан Республикасының мәдениет өкілдері мен әртістері қатысады.


Соңғы жаңалықтар