Тәжікстан Қазақстан бидайын сатып алуды 15% арттырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан ұнын өндіру үшін толығымен қазақстандық бидай қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Казах-Зерно» АА-ға сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігінің дерегі бойынша, осы жылдың бірінші жарты жылдығында Тәжікстандағы отандық өндірістегі ұнның үлесі 95,8%-ға жеткен.

Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Антимонополиялық қызметтің дерегіне сәйкес, осы жылдың бірінші жартысында Қазақстаннан бидай импорты тоннасы 169 доллар тұратын 500 мың тоннадан астам көлемде жүзеге асырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бидай жеткізілімі шамамен 15% -ға немесе 65 мың тоннаға артты.

Соңғы жаңалықтар