Тәжікстан елшісі шекарада көз жұмған қазақ сарбазының анасына орден тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстан елшісі батыр шекарашының анасына «Спитамен» орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімет таратты.

Бүгін Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасы – Қизат Жылқыбаққызы Батырқановаға 1-дәрежелі «Спитамен» орденін табыс етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қазақстандық шекарашыны наградтаған болатын.

Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін кіші сержант Раджан Армияұлы Батырқанов 1-ші дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталды (қайтыс болғаннан кейін).

Тәжікстан халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген жеке құрама атқыштар батальонының әскери қызметшілері көрсеткен ерлігін еске алып, құрмет тұтады.

Айта кетейік, Раджан Армияұлы (1975-1994) - жауынгер-интернационалист, батыр шекарашы.

Жеке қазақстандық құрама батальоны Күршім взводының құрамында қызмет атқарған.



Соңғы жаңалықтар