Тәжікстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа: Сенімге негізделген қарым-қатынасымыз бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Тәжікстан Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынасты одан ары дамытуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келіссөз барысында Тәжікстан Президенті  Эмомали Рахмон айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға келген сайын әсем елорда - Астана келбетінің жылдам өзгеріп жатқанын көремін. Мұның барлығы да ең алдымен, Сіздің дана және көреген саясатыңыздың жемісі. Қазақстан тауар айналымы көлемі бойынша Тәжікстанның жетекші экономикалық серіктестері арасында екінші орынға ие және біз елдеріміздің стратегиялық қарым-қатынасының барлық кешенін табысты дамытуға мүдделілік танытамыз. Ағымдағы жылы біз дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуын атап өтеміз. Осы жылдардың ішінде бізге қолдау көрсетіп келдіңіз. Біз доспыз және барлық бағаттағы қарым-қатынастарды дамыту бағытында жұмыс істеудеміз», - деп атап өтті Эмомали Рахмон.

Сонымен қатар Тәжікстан басшысы Қазақстан Президентіне «Парасат»  орденімен марапаттағаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

«Тәжік халқының және өз атымнан қазір ғана маған табыс еткен жоғары наградаңыз үшін алғысымды білдіремін. Бұл награда тек менің ғана емес, сонымен бірге халқымның да еңбегі. Тәжікстан барлық уақытта да Сіздің бастамаларыңызға қолдау көрсетіп келеді. Біз шынайы доспыз, сенімге негізделген қарым-қатынасымыз бар. Меніңше, елдеріміздің арасындағы осындай қарым-қатынас одан ары да дами беретін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар