Тәжікстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа лауазымға кірісуімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар