Тәжікстан азаматтары мінген автобус Астана маңында бұзылып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық құтқарушылар көмекке мұқтаж адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 қараша таңертең Астана-Көкшетау автожолында автобус жолаушылары көмек сұрап құтқару қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД бөлімшелері көмекке барды.

Дизель отыны қатқан автобустың 32 жолаушысы Астанадан 10 шақырым жерде жолда қалып қойған.

Құтқарушылар Тәжікстан азаматтарынан тұратын жолаушыларды эвакуациялады.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар