Тәжікстан аумағында тағы да жер сілкінді

None
Фото: Anadolu Agency
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 маусым күні сағат 10:43-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 655 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.0. Эпицентр координаттары – 37.93° с.е. 73.45° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.

Осыдан екі бұрын да Тәжікстанда 4,8 балдық жер сілкінісі болған еді.


Соңғы жаңалықтар