Тәжікстан Ауғанстанмен шекаралық жағдайдың күрделенгенін хабарлады

None
None
ДУШАНБЕ. ХОВАР- ҚазАқпарат – Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ауғанстанмен шекаралық жағдайдың күрделенгенін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан комитетінің хабарлауынша 2021 жылдың 3 шілдесінде сағат 18:30-да Хохон уезінің Овез ауылы, Шахрибузург уезі және Ауғанстан Ислам Республикасы Бадахшан провинциясының Рогистон уезіне қарасты Зираки ауылындағы жағдайдың күрделенгенін мәлім етті.

Аталған аудандарды «Талибан» қозғалысы толық басып алған. Қақтығыстар кезінде «Талибан» сондай-ақ Хохон уезінің «Овез» шекара комендатурасын басып алды.

Ауғанстан Ислам Республикасы Қарулы күштерінің 300-ден астам әскери қызметкері барынша қарсылық танытып, жеке құрамын сақтап қалу мақсатында Тәжікстан Республикасының «Истикло» 5-ші заставасы мен «Ш.Шохин» шекара жасағының «Саригор» 6-шы заставасының шекарасының арасындағы учаске арқылы мемлекеттік шекарадан өтті.

Тәжікстан Республикасы шекарашылары ізгілік пен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, шегініп отырған ауғандық әскерилерге Тәжікстан Республикасының аумағына өтуіне рұқсат берді.

Шекарасында жағдай Тәжікстан Республикасы шекарашыларының толық бақылауына алынды.

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстаннан 40-тан астам әскери Өзбекстан шекарасын бұзып өткен болатын.



Соңғы жаңалықтар