Тәжікстан Астанада өтетін АҚ ИҰ Бас Ассамблеясына қатысуға шақырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 8 ақпанында Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ермек Көшербаев Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Махмадтоир Зокирзодомен кездесті.

Кездесу барысында М.Хокирзода Тәжікстан мемлекетінің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚ ИҰ) құрылуын жоғары бағалап, ресми түрде қолдап отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ ұйымға кіру мәселесін елдегі министрліктер мен ведомстволардың белсенді талқылап отырғанын мәлімдеді.

М.Зокирзода Тәжікстан ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Астанада жоспарланған АҚ ИҰ Бас Ассамблеясының құрылтай сессиясында, және ИЫҰ-ның VII Министрліктер конференциясында жоғары деңгейде ұсынылатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар