Тәжік тарапы Қырғызстанның шекара заставаларына оқ жаудырды - ҚР ҰҚМК

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісе түсуде. Бұған дейін Қырғызстан азаматтары Исфара-Ворух тасжолын жауып тастаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Сағат 14:05-те тараптардың әскери бөлімшелері арасында «Головной» елді мекенінде атыс басталды. Атыс барысында бейбіт тұрғындар мен Қырғызстан Республикасының әскери қызметшілері жарақат алды.

Одан әрі сағат 17:00-де тәжіктер жағы «Қапшағай», «Мин-бұлақ», «Достук» шекара заставаларына, сондай-ақ «Қожогар» және «Бұлақ-Баши» шекара бекеттеріне оқ жаудырды. Минометтен оқ атудың салдарынан Баткен шекара отрядының «Достук» шекара заставасының ғимараты өртенді.

Тәжік қауіпсіздік күштерінің әрекетіне жауап ретінде Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі «Бору» арнайы мақсаттағы жасағы Тәжікстан Республикасының «Ходжа Аълло» шекара заставасын басып алды.

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша екі жақтан қосымша күштер мен құралдар тартылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар