Тәжік-қырғыз шекарасында атыс болып, екі адам жарақаттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан мен Қырғызстанның шекарасында болған атыс салдарынан тәжіктің шекара маңындағы Чоркух ауылының кем дегенде екі тұрғыны жарақаттанды.

Тәжікстан жақ бірінші қырғыз шекарашылары оқ атқанын айтып сендіруде. Алайда Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі шекара қызметкерлерінің қару қолданғаны туралы хабарды жоққа шығарды. Куәгерлер қырғыздардың тәжіктің Сомониен ауылында үйлерді өртегені туралы фактілерді хабарлап отыр.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдайдың күрт күрделенуіне Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің шекара маңындағы ауылдардың тұрғындары арасында туындаған жанжал себеп болған.

Жанжалға екі жақтан 200-ге тарта тұрғын қатысқаны белгілі, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Қазіргі кезде жанжал орнына ІІМ және шекара жасақтарының қосымша күштері тартылды, алайда олар әзірге жағдайды бақылауына ала алмай отыр.

Шекара маңындағы ауылдарда екі елдің жергілікті өзін-өзі басқару және органдарының өкілдері және жамағатының арасында келіссөздер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар