USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан бітімгерлерді еске алу шарасы өтті (ФОТО)

2016 жылғы 7 сәуір 19:05
Бөлісіңіз:
Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан бітімгерлерді еске алу шарасы өтті  (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Астанада 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің жауынгерлерін еске алуға арналған шара болды.

парОған еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның басшылары, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, шетелдердің әскери атташелері, әскери және жергілікті соғыс ардагерлері мен кадеттер қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Шарада сөз алған Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов Достастықтың оңтүстік шептерін қорғап, қаза тапқан қазақстандық әскерлер ержүректік пен әскери антқа адалдықтың өнегесі болғанын атап өтті. «ТМД-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамында Қазақстанның Тәжікстанда болуы Орталық Азия аймағын тұрақтандыруда маңызды мәселе болды. Қазақстанның әскери бөлімшелері қарулы қақтығыстардың өршуіне әрі соғыс қимылдарының көрші елдерге таралмауына жол берместен алға қойылған жауынгерлік міндеттерін табысты орындап шықты. Тарихтың қайғылы сабақтарын ұмытпауымыз және қазіргі замандағы қатерлерге қарсы тұруға әзір болуға тиіспіз. Армия мен әлеуетті құрылымдар қазіргі кездегі әскери және террористік қауіптердің алдын алуда және болдырмауда маңызды рөл атқаруы керек», - деді С.Громов

Шараға қатысушылар Тағзым аллеясындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан әскерлердің құрметіне Ұлттық ұланның астаналық гарнизонының құрамы салтанатты түрде саппен өтті.

null null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT