Тәжік-ауған шекарасында халықаралық лаңкестік ұйым мүшелерінің көзі жойылды – Тәжікстан СІМ

None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстанның Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған халықаралық лаңкестік ұйым мүшелерінің көзі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, 26 сәуірде халықаралық лаңкестік ұйымның екі мүшесі Тәжікстан аумағында лаңкестік әрекет жасау мақсатында Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы мемлекеттік шекара сызығын заңсыз кесіп өткен.

«Екі лаңкесті де Тәжікстан құқық қорғау органдары ұстады, ал терроршылар мен олардың қолдаушыларының жоспары бұзылды», - деп хабарлады СІМ.

Тәжікстан Республикасы СІМ шекараны бұзу және терроризм актілеріне алаңдап отырғанын білдіріп, Тәжікстан шекарасы барынша қорғалатынын және елдің қарулы күштері оны бұзбақ болған барлық тұлға мен топтарға дер кезінде және лайықты тойтарыс беретінін мәлімдеді.

Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар