ТӘЖІБАЕВ ЛАШҚАР ЕСЕНҚҰЛҰЛЫ

None
None
Тәжібаев Лашқар Есенқұлұлы (1915-1996) - ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы (Төлеби ауданы) Қарақия ауылында туған. Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын (Ташкент ирригация және мелиорация институты) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1942-1943 жылдары - Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігінде инженер, басқарма бастығы. 1943-1949 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесінің су шаруашылығы және энергетика тобының бастығы, аға референт. 1949-1951 жылдары - Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы Ғылым академиясының Қазақ бөлімі республикалық тәжірибе-мелиориация станциясының директоры. 1951-1962 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) деканы. 1962-1963 жылдары - Қазақ КСР Министрлігі Кеңесінің Су қорларын пайдалану және қорғау жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бастығы. 1963-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Гидротехника және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері су мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге, егістік жерлерді суландыруға және мәдени жайлымдарды автоматтандыруға арналған.

«Водные ресурсы и схемы водоснабжения сельскохозяйственных территорий» (1963г.), «Основы водоснабжения сельскохозяйственных районов Казахстана» (1970ж.), «Автоматизированное культурное пастбище» (1987ж.), «Основы гидравлики и гидромеханизации сельскохозяйственного производства» (1986ж.), «Ауыл шаруашылық тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» (1992ж.) атты еңбектері жарық көрген.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

2003 жылы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің «Гидротехника және мелиорация» кафедрасына профессор Лашқар Есенқұлұлы Тәжібаевтің аты берілген.

Дерек көзі:

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 8 том.

Соңғы жаңалықтар