Тазалық сақтамаған астаналық ПИК-терге айыппұл салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері қаладағы тазалықты сақтау шараларына тұрақты қадағалау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәңгілік Ел даңғылындағы №49 А тұрғын үйіне іргелес аумағын тазалауды қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша «Астана ЖилСервис» ЖШС қызмет көрсетуші компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, компанияға 40 АЕК (101 000 теңге) сомасында айыппұл салынды», - деп атап өтілген ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінде.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері қызмет көрсетілетін үйлердің аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан, қардан тиісті деңгейде тазаламағаны үшін, сондай-ақ үйлердің қасбеттерін дұрыс күтіп ұстамағаны және қоқыс жәшіктерінің болмауы себебінен қызмет көрсетуші 123 ұйым (ПИК, ТК, ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы орайда айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн 500 мың теңгеден асты.

Соңғы жаңалықтар