Таза табиғат: Семейде санитарлық тазалық науқаны басталды

None
Фото: facebook.com/groups/abaiaqparatkz
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының орталығында санитарлық тазалықтың екі айлығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпықалалық тазалық акциясы аясында қаладағы қоғамдық орындар, аялдама павильондары және қоғамдық көлік салондары да тазартылып жатыр.

«Семейде қала әкімінің қаулысына сәйкес, «Таза табиғат» акциясы шеңберінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырыла бастады. Қазіргі уақытта қаладағы мекемелерге, кәсіпкерлік нысан иелеріне, тұрғын үйлерді басқару ұйымдарына хабарлама жіберілді. Әркім өзіне тиесілі аумақты тазартуы тиіс. Егер тазалық жұмыстары жүргізілмесе, жергілікті полиция қызметкерлерімен рейд жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынады», - деді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Олжас Соғымбай.

Айта кетейік, экологиялық шара сәуірдің 1-і нен басталып, мамыр айының 27-не дейін жалғасады.




Бердібек Қарынбай


Соңғы жаңалықтар