«Taza sailau» 5 мың мүшесі сайлау процесін бақылауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Taza sailau» тәуелсіз байқаушылардың азаматтық қозғалысы мүшелері баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қозғалыс мүшелері Жанна Ахметова, Эдуард Полетаев, Бигелді Ғабдуллин, Ерқанат Көпжасарұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн қосылған журналист Махат Садық сайлау туралы ойларымен бөлісті.

Қоғамдық белсенді Бигелді Ғабдуллин қозғалыс мүшелерінің 1 айда атқарған жұмысы туралы айтты.

«Бұл қозғалыс Парламент сайлауынан 2 ай бұрын құрылды. Осы аралықта Алматыда 1 күндік семинар өткіздік. Ол семинарға 25 ірі қала өкілдері қатысты. Қазақстан бойынша 5000 байқаушы дайындадық. Олардың барлығы бүгін сайлауға белсенді қатысады. Сонымен қатар, біз ашқан саясаткерлер мектебі байқаушылардың саяси білімін шыңдай түсті», - деді Б.Ғабдуллин.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев «TAZA SAILAU» қозғалысының құрылу мақсатын айтты.

«Біздің жұмысымыздың маңыздылығы арандатушылыққа жол бермеуде. Сондай-ақ, заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Біз осылайша елдің тұтастығына, бірлігіне қызмет етеміз. Біз сайлау комиссиясының құзырлы жұмысына кедергі келтірмейміз», - деді Эдуард Полетаев.

Айта кету керек, А лматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.




Соңғы жаңалықтар