+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен

2020 жылғы 11 тамыз 09:27
Бөлісіңіз:
Таза Қазақстан: Бір аптада қауырт желіге қоқыс үйінділеріне қатысты 623 шағым түскен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экология министрлігінің қауырт желісіне соңғы аптада стихиялық қоқыстарға қатысты 623 шағым келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ағаш отырғызу ел бойынша жалғасады - Мағзұм Мырзағалиев Әрбір қазақстандық қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуі тиіс - Мәулен Әшімбаев Мәжіліс депутаттары: экологиялық мәдениет – елдің тұрақты дамуының алғышарты

Ведомства мәліметінше, стихиялық қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (90), Шығыс Қазақстан (62) және Қарағанды ​​облыстарынан (48), сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түскен. Ақмола (42) мен Ақтөбе облысы (30) азаматтардан түскен өтініш саны бойынша көшбасшылар «бестігіне» кірді.


623 шағымның 469-ы үйінділерге, 154-і қоқыс толып кеткен контейнерлерге қатысты.
«Бір апта ішінде әкімдікпен бірге 347 қоқыс үйіндісі жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жалпы Экология министрлігі тұрғындар тарапынан шағымдар арттты. Бұл азаматтық позицияның өскенін білдіреді. Оның үстіне, жедел желі жұмысының тиімділігі кейінгі екі аптада айқын байқалады. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Экология министрлігінің қауырт желісінің нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Уатсап мессенджері арқылы кез келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы коқыс үйіндісі туралы ақпаратты, оны растайтын сурет пен видео жібере алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT