Тайваньдағы жер сілкінісінен 2 адам қаза болып, жүздеген адам жарақат алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньның Хуалянь уезінің акваториясында кеше түнде болған жер сілкінісінен 114 адам зардап шегіп, екі адам құрбан болды. Бұл туралы Тайвань әкімшілігінің құзырлы орган басшысы хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының хабарлауынша, 6,5 магнитудалық жер сілкінісі кеше кешкісін сағат 23:30-да Тайваньдағы Хуалянь акваториясында болды. Зілзаланың эпицентрі солтүстік ендіктен 24,13 градус, оңтүстік бойлықтан 121,71 градус қашықтықта болған. Тереңдігі 11 км.

Хуаляньда көптеген ғимараттар бұзылған. Нақтырақ айтқанда «Туншуай» қонақүйінің ңимаратына зақым келген. Өрт сөндірушілер қиранылар астында қонақүйдің 3 қызметкері қалғандығын растады. Олардың екеуімен байланыс жоқ.

Соңғы жаңалықтар