Тайваньда жер сілкінісі құрбандарының саны 37 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, Тайваньда жер сілкінісі құрбандарының саны 37 адамға дейін өскен, соның ішінде кем дегенде 10-ы - балалар, деп хабарлайды Синьхуа.

Тайнань қаласының өртке қарсы қызметінен мәлім еткендей, табылған 37 құрбанның ішінде 35-і - Тайнань қаласындағы Юнкан ауданындағы "Вэйгуань цзиньлун" көпқабатты ғимаратының тұрғындары. Тағы 110-нан астам адам құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болып отыр.

Қытайлық сейсмологиялық желілер орталығының хабарлауынша, 6 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 03:57-де Тайваньдағы Гаосюн қаласында магнитудасы 6,7 (Тайвань метеорологиялық қызметінің хабарламасы бойынша, зілзала күші 6,4 балды құраған) жер сілкінісі болды.

Соңғы жаңалықтар