Тайваньда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - TransAsia Airways әуе компаниясы ұшағының құлауы салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 12-ге жетті, деп хабарлайды Тайвань елінің Орталық ақпараттық агенттігінен.

БАҚ мәліметтерінше, Taipei Songshan Airport әуежайынан Цзиньмэнь архипелагына қарай ұшқан ATR 72 ұшағы көпірге тиіп, Цзилун өзеніне құлады. Оның ішінде 53 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болды. Жолаушылардың арасында екі бала болған.

Әзірге зардап шеккен 16 адамның тағдыры туралы ғана белгілі, тағы 30-дан астам адамның жай-күйі белгісіз - олар ұшақтың ішінде қалған, кейбір жолаушылар оқиғадан кейін жағаға өздері жеткен.

Бұдан басқа, ұшақтың сынықтары такси көлігіне түсіп, соның салдарынан тағы екі адам зардап шеккен, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар