+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Тайваньда тұрғын үйде өрт шығып, 46 адам көз жұмды

2021 жылғы 14 қазан 21:57
Бөлісіңіз:
Тайваньда тұрғын үйде өрт шығып, 46 адам көз жұмды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Тайванның Гаосюн қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмған, ондаған адам жарақаттар алған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 қазанға қараған түні Тайванның Гаосюн қаласындағы көпқабатты ғимаратта күшті өрт тұтанды. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 46 адам көз жұмып, 41 адам жарақаттар алды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпфункциялы ғимарат 40 жыл бұрын салынған, апат кезінде онда 140 адам тұрып жатқан.

Құтқарушылар ірі өртті ауыздықтады. Қазіргі кезде ТЖ себебін анықтау мақсатында зерттеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT