Тайваньда қуатты жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы Хуалянь уезі акваториясында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Зілзаланың эпицентрі солтүстік ендіктен 24,13 градуста, оңтүстік бойлықтан 121,71 градуста орналасқан. Тереңдігі 11 км. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы хабарлады.

Тайваньның метеоқызметі жер сілкінісің магнитудасына 6,0 деген баға берген.

Жерасты дүмпуі аралдың көптеген аудандарында сезілді. Хуаляньда көптеген құрылыстар қирады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәліметтер жоқ.

Ақпанның 4-і күні кешкісін осы ауданда 5,0-ден 6,4-ке дейінгі магнитуда аралығындағы жер сілкінісі болды. Жалпы 4 ақпаннан бастап, бүгінге дейін Тайваньда жүздеген жер сілкінісі болды.

Соңғы жаңалықтар