Тайваньда көпір құлады: екі адам қаза тауып, бірнешеуі жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазан күні Тайваньның солтүстік-шығысындағы Илань уезінде көпір құлап, кем дегенде екі адам көз жұмды, тағы бір адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Jakarta Post газетіне сілтеме жасап.

Индонезия СІМ-де хабарлағандай, индонезиялық балықшылар мінген қайық сол мезетте көпірдің астынан жүзіп бара жатқан.

«Екі адамның мәйіті табылды, құтқарушылар тағы бір азаматты іздестіріп жатыр», - деді ведомство өкілі.

Бұған дейін тайваньдық БАҚ көпірдің құлауы кезінде 10 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған еді.

Ұзындығы 140 метр, ені 15 метрлік көпір 1999 жылы Наньфанъао балықшылар портының аумағында салынған еді.

Соңғы жаңалықтар