Тайтөбе ауылындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Тайтөбе ауылындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Оқиға 14 тамызда болған. Жарылыс болған үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан. Жұмыс кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды, нәтижесінде үй иесі оқиға орнында көз жұмды. Екінші ер адам мен оның жас баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты техникалық сараптамасын тағайындады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, ер адам қаза тапқан еді.


Соңғы жаңалықтар