Тайтөбе ауылындағы заңсыз қоқыс полигоны жойылады - Ақмола әкімі

None
None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Целиноград ауданының Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жойылады. Ол үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар туралы бәріміз білеміз. Біз осы полигонды жою үшін облыстық бюджеттен 100 милион теңге қаражат бөлдік. Бұл - үлкен өзекті мәселе. Сондықтан біз оны биыл міндетті түрде шешеміз», - деді Бурабайда өткен орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Целиноград ауданы әкімнің орынбасары Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қоқысты жинамағаны үшін жазаланғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар