+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Тайсонның бапкері: Бұл жолы «Канело» Головкинді оңай жеңеді

2018 жылғы 5 ақпан 15:34
Бөлісіңіз:
Тайсонның бапкері: Бұл жолы «Канело» Головкинді оңай жеңеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты боксшы Майк Тайсонның бапкерлерінің бірі Тедди Атлас 5 мамырда өтетін Головкин - Альварес жекпе-жегіне қатысты болжамды пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Головкин «тайғанақтап» барады. Мен бұрын оны адамдардың асыра бағалайтынын айтқаным бар еді. Ол орта салмақтағы 35, 36 және 37 жастағы боксшылардан үстем түсті. Головкиннің ол айқасты да (Головкин мен Канелоның алғашқы кездесуі - авт.) жеңгенін анық білемін», - дейді ол SiriusXM Radio-ға берген сұхбатында.

Десе де, бүгінгі таңда ресейлік Александр Поветкинді жаттықтырып жүрген бапкер бұл жолы Сауль Альварестің басым түсетініне сенімі зор.

«Ал қарымта кездесуде мен басымдықты Канелоға берер едім. Себебі, Головкиннің күмәнсіз алқашқыдай айбаты жоқ. Канелоның өсетіндей әлеуеті бар. Оның жасы кіші. Ол сенімнен шығып отыр. Сондай-ақ, Альварес шабуылдау тұрғысынан алғашқыдан гөрі белсенді бағытты ұстанады. Менің ойымша, ол бұл айқаста Альварес оңай жеңеді», - дейді Атлас.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 5 мамыр күні кездесетін болды. Айқастың қай жерде өтетіні әлі белгіленген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT