Тайсон Головкин мен «Канело» айқасына пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші айқасы туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

- Жақсы айқас. «Канело» жеңіске жетті. Керемет жекпе-жек.

- Сіз «Канелоның» жанкүйерісіз бе?

- Иә.

- Испанша бірдеңе айта аласыз ба?

- Hola! (сәлем).

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белбеулерінен айырылды. Сондай-ақ, біздің отандасымыз орта салмақтағы титулдық қорғау саны бойынша Бернард Хопкинстің тарихи рекордын жаңарта алмады. 

Соңғы жаңалықтар