Тайландта өткен 4-ші әлемдік кубокта үш қазақстандық жүзгіш қола жүлдегер атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас жүзгіштері Тайландтың Пхукет қаласында өткен ластымен жүзу бойынша 4-ші әлемдік кубокта бірнеше медаль иеленді.

Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 8 спортшы қорғаған. Олардың ішінде Антон Блинников 50-200 метр қашықтықты 3-ші болып бағындырса, Мария Руденко (50 метр) мен Елизавета Мельникова (200 метр) да жүлделі үшінші орыннан көрінді. «Біздің спортшылар тәжірибесінің аздығына қарамастан өте жақсы нәтиже көрсетті. Мұндай үлкен сайыстар олар үшін тамаша мүмкіндік болып отыр. Осы арқылы олардың өздеріне деген сенімдері молайып, үлкен додаларға шығуға дайындалады», - деді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Нелии Корниенко. Бас жаттықтырушының айтуынша, балалар спортын дамытуға спорт секцияларының қолжетімсіздігі кедергі болып отыр. «Қазір елімізде жаттығу базалары жеткіліксіз. Ол үшін бизнес пен ата-аналар бірігіп әрекет етуі керек. Сонда ғана әлемдік жарыстарда жеңіс туын желбірететін жеткіншектерді тәрбиелей аламыз», - деді ол. Спортшылардың сапарын Алматы қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасы мен балалар мен жасөспірімдердің №5 мамандандырылған кешенді с порттық-техникалық мектебі ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар