Тайландта инсульт алған әйел санавиациямен Астанаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- 27 сәуір күні санитарлық авиация борты Тайландта инсульт алған Теміртау қаласының тұрғынын Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Науқас әйел арнайы медициналық құралдармен жабдықталған санитарлық авиация және білікті дәрігерлер бригадасының көмегімен жеткізілді. Қазір ол жіті бақылауда», - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері шетелден Қазақстанға жағдайы нашарлаған 6 адам жеткізілген. Тасымалдау жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Тайландқа демалуға аттанған 56 жастағы теміртаулық әйел 4 сәуір күні инсульт алып, Паттая қаласының ауруханасына түскен болатын.

Сондай-ақ биылғы 6 қаңтарда Тайландта отбасылық демалыста жүрген Қазақстан азаматшасы мерзімінен бұрын босанып қалғаны туралы жазған едік. Әйел сәбиімен бірге санавиациямен елге жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар