Тайландта демалып келген алматылықтан «денге» безгегі анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда экзотикалық денге безгегін жұқтырған екі жағдай тіркелді. Бұл туралы қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпті дерт Таиландтан демалып келген турист пен Малайзияда оқып жүрген қазақстандық қыздан табылған. Алайда, департамент қызметкерлерінің айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Себебі, қоздырғышты тропикалық өңірлерде мекендейтін маса ғана тасымалдайды екен. Алайда, биылғы жарты жылдықта жануарлар мен кеміргіштерден жұғатын инфекцияны жұқтыру бойынша бірнеше жағдай тіркелген. Оның ішінде, иерсиниоз - 13 адамнан, листериоз - 4 адамнан, бруцеллез 1 адамнан табылды. «Есесіне, Алматыда жаппай қауіп төндіретін оба, Конго-Крым қанды безгегі тіркелмеді. Сондықтан, биылғы жарты жылдық тұрақты әрі тыныш өтті десек те болады», - деді баспасөз қызметінен. Осы аурулардың алдын алу мақсатында қалада жыл сайын 2 мәрте дератизация - кеміргіштерді жою жұмыстары жасалып тұрады. «Эпидмаусым кезінде обаны анықтау үшін мамырдан қыркүйекке дейін ішек ауруына шалдыққан адамдарды тексеру жүргізіледі. Мамырдан бері 2845 науқас тексеруден өтті. Ашық су қоймаларындағы су да үнемі тексеріліп тұрады. Карантин жариялана қалса, жедел қызмет те дайын», - деді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар