+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тайланда шала туған шақалақтың жағдайы ауыр - дәрігерлер

2018 жылғы 17 қаңтар 18:05
Бөлісіңіз:
Тайланда шала туған шақалақтың жағдайы ауыр - дәрігерлер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық перинатология және кардиохирургия орталығының дәрігерлері шет елде шала туған шақалақтың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салмағы 1 келі 430 грамм боп дүниеге келген нәресте Тайландтан санитарлық авиациямен жеткізілген болатын.

«Нәресте 32 аптада туған. Баланың өкпесі толық ашылмаған. Соның салдарынан 0-1 дәрежелі дем жетіспеушілігі бар. Салмағы жасына сәйкес емес. Бала түтікше арқылы тамақтандырылады. Келгелі бері инкуваторда жатыр. Қажетті жабдықтарға қосылған. Арнайы мамандардың тартылып консилиум өткізілді. Балаға «1 типті респираторлық дистресс синдромы» деген диагноз қойылды. Инфузиондық терапия жасалып жатыр. Дем жетіспеушілігі болғандықтан, оның жағдайы ауыр деп саналады», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.

Айта кету керек, оқиға Тайланда 6 қаңтарда болған. Отбасымен демалуға барған жүкті келіншек мерзімінен бұрын босанып қалған. 7 айлық қыз бала 1 келі 430 грамм салмақпен туды.

Ана мен сәбиі 16 қаңтарда ҚР Денсаулық министрлігінің қажетті құжаттары рәсімделіп болған соң ҚР СІМ мен Республикалық санитарлық авиация орталығының көмегімен Қазақстанға жеткізілді.

Пациенттер Алматыда Перинатология мен балалар кардиохирургиясы орталығына жатқызылды.

ҚР ДСМ мәлімдеуінше, санитарлық авиацияның көмегімен соңғы 5 жылда шетелден Қазақстанның 40 азаматы жеткізілген. Барлық медициналық көмек республикалық бюджет есебінен көрсетіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT